Аян 15 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайдың қаһарына толы жеті тостаған

1Аспаннан тағы басқа бір таңғаларлық үлкен әрі керемет көріністі көрдім: (Құдайға қарсы шыққандарды) ең соңғы жеті пәлеге ұшырататын жеті періште тұрды. Құдайдың қаһары осы пәлелермен толықтай жүзеге аспақ.

2Мұнан кейін мен отпен араласқан, шыны теңіз іспетті жарқыраған алаңды көрдім. Оның жағалауында не айуанның мүсініне табынбаған, не оның есімінің санын бейнелейтін таңбаны қабылдамаған, осылайша айуанды жеңіп шыққан адамдар тұр екен. Бәрі қолдарына Құдайды мадақтайтын жетігендерін ұстапты.

3Олар Құдайдың қызметшісі Мұсаның жырын және Тоқты жөніндегі жырды айтып тұрды:

«Уа, Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі,

Сенің істерің керемет те ұлы!

О, халықтардың мәңгілік Патшасы,

Сенің жолдарың әділ де шынайы!

4Уа, Жаратқан Ие, кім Сенен қорықпас,

Есіміңнің ұлылығын кім даңқтамас?

Сен ғана толықтай қасиеттісің!

Бар ұлттар келмек алдыңа Өзіңнің,

Бас ұрып мақтайды даңқыңды Сенің,

Себебі ашылды әділ үкімдерің!»

5Бұдан кейін қарасам, көктегі киелі үйдің, яғни Келісім шатырының, ашылып жатқанын көрдім.

6Жарқыраған аппақ бәтестен киім киіп, кеуделеріне алтын аспа бау таққан жеті періште киелі үйден шықты. Жеті пәленің билігі соларда еді.

7Құдай тағының қасындағы төрт нөкердің біреуі осы жеті періштеге жеті тостағанды берді. Тостағандар мәңгілік жасайтын Құдайдың қаһарына толы еді.

8Содан киелі үй Құдайдың хош иісті түтіндей таралатын салтанатты ұлылығы мен құдіретіне кенелді. Жеті періште тостағандарынан төгетін жеті пәле аяқталғанша, ешкім де киелі үйге кіре алмады.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help