Нақыл сөздер 27 - Киелі кітап(QazBi2010)

Басқа сені мақтасын, өз аузың емес

1Мақтанба ертеңгі күніңмен,

Сол күннің не әкелерін білмейсің сен.

2Басқа сені мақтасын, өз аузың емес,

Басқаның сөзі, өз тілің емес.

3Тас салмақты, құм да ауыр,

Ақымақтың жәбірі екеуінен де ауыр.

4Ашу қатал, қаһар тасқындай басар,

Ал қызғаныштың күшіне кім қарсы тұра алар?

5Сүйіспеншілігін жасырып, жалтарғаннан гөрі

Ренжіткенге ашық ескерту жасаған игі.

6Досыңның сөгуі шынайы,

Дұшпаныңның сүюі алдамшы.

7Тойынған балдан да бас тартар,

Ашыққанға ащы ас та балдай болар.

8Ата жұрттан безіп кеткен

Құсқа ұқсас ұясын тастап кеткен.

9Жұпар мен иісмай жүректі қуантар,

Досың адал кеңесімен ұнамды болар.

10Қол үзбе өз досыңнан,

Әкеңнің де досынан.

Басыңа сенің күн туғанда

Ағайынның үйіне қашып барма.

Іргедегі көршің артық қой

Алыстағы сол ағайыныңнан.

11Балам, парасатты бол, мені қуантарсың,

Сонда өзімді қорлағандарға жауап бере алармын.

12Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,

Аңғал адам жүре беріп жаза тартар.

13Бөгдеге біреу кепіл болар,

Сонда оның шапанын шешіп алыңдар,

Бөгде әйелдің қарызына кепілдік сол болар.

14Азанда көршісіне айқайлап бата сұраған

Туралы ойлайды жұрт «көршісін қарғап жатқан».

15Жаңбырлы күні тоқтаусыз тамшылайды,

Ұрысқақ әйел де тыным тапқызбайды.

16Оны тыю ұқсайды желді тыйғанға

Я майлы қолмен бір затты ұстағанға.

17Темір темірді қайрайды,

Адам адамды қайрайды.

18Ағашты күткен оның жемісін жер,

Қожасын күткен оның сыйын көрер.

19Адам суға қарап өзінің бет-жүзін көрер,

Жүрегіне қарап өзінің кім екенін білер.

20Ажал мен тозақ тойымсыз,

Адамның көзі де тойымсыз.

21Күмісті балқытып, алтынды көрікте сынар,

Адам баласы мақталғанда сыналар.

22Ақымақты тіпті бидайдай келіде түйсе де,

Ақымақтығынан арылта алмас еді ешкім де.

Малшылықтың артықшылығы

23Отарларыңның күйін жақсы бақыла,

Табындарыңа да мұқият қара.

24Себебі байлық мәңгілік емес,

Билік те ұрпақтан ұрпаққа берілмес.

25Шөп шабылып, орнына көк шөп шығар,

Жұрт тау шөбін де жинап алар,

26Сонда киімің үшін қойыңнан жүн қырқарсың.

Серкелеріңнің бағасына жер сатып аларсың.

27Өзіңе, отбасыңа ешкі сүті мол болар,

Қызметші қыздарыңа да жетіп артылар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help