1Өткен заманда Құдай әлденеше рет түрлі жолдармен өз хабарын ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы жеткізіп отырған.
2Ал осы соңғы заманда Ол бізге хабарын Өзінің рухани Ұлын жіберіп жеткізді. Құдай Сол арқылы әлемді жаратып, Оны барлығының иесі етіп тағайындады.
3Одан Құдайдың салтанатты ұлылығы жарқырап көрінеді: Ол — Құдайдың болмысының дәлме-дәл сипаты. Ұл бүкіл әлемді құдіретті сөзімен қолдап ұстап тұр. Өзінің құрбандық өлімі арқылы күнәдан тазару жолын ашып бергеннен кейін, Ол көктегі Ұлылық Иесіне (яғни Құдай Әкеге) барып, Оның оң жағындағы ең құрметті орынға жайғасты.
Мәсіх періштелерден әлдеқайда жоғары4Сонымен, рухани Ұлдың иемденген Атағы періштелердікінен қаншама жоғары болса, Оның жолы да олардікінен соншама үлкен.
5Себебі Құдай періштелердің ешқайсысына да былай деп айтқан емес: «Рухани Ұлымсың, Мен бүгінгі күн Әке болдым Саған». Және: «Мен Оған Әке боламын, ал Ол Менің рухани Ұлым болады».
6Құдай осы дүниеге жолы бәрінен де үлкен рухани Ұлын жібергенде, Ол туралы мынадай сөздер айтты: «Жаратқан Иенің бар періштелері де Оған тағзым етсін!» —
7Періштелер жайлы (Забурда) мына тәрізді сөздер айтылған: Ол желдей етеді періштелерін, от жалынындай да өз нөкерлерін.
8Ал Ұл туралы былай делінген:
«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,
Патшалығыңа жүргізесің әділ билік.
9Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,
Сондықтан да Құдай, өз Құдайың Сенің,
Өзіңді тағайындап, сыйлады Саған
Серіктеріңнен гөрі шаттықты молынан».
10Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:
Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,
Құдіретіңмен жараттың аспанды да.
11Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,
Киімдей тозады олардың барлығы да,
12Сен соларды көйлектей ауыстырасың,
Шапандай бүктеп алып та қоясың.
Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,
Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
13Ал енді, Құдай қай кезде қай періштеге: «Мен жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше отыр оң жағымда!» — деп айтқан еді?
14Періште атаулы — қызмет көрсететін рухтар ғана, солай емес пе? Жаратқан Ие оларды мәңгілік құтқарылуға ие болатын адамдарға қызмет етуге жібереді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
