Забур жырлары 31 - Киелі кітап(QazBi2010)

Күнәсі кешірілген бақытты!

1(Дәуіттің насихат жыры.)

Әділетсіз істері кешірілген,

Барлық күнәларынан ақталған

Қандай бақытты әрбір жан!

2Иеміз мойнына кінә артпайтын,

Жан дүниесінде жалғандық болмайтын

Қандай бақытты әрбір жан!

3«Күнәмді айтқым келмеп еді,

Сонда аяқ-қолым сырқырай берді,

Ыңқылдап жүрдім күні бойы.

4Себебі күні-түні Сенің қолың

Зілдей боп үстімде жатты менің.

Сол кезде жаздың аптабы семдірген

Көк шөпке ұқсап солып қалдым мен.

5Сонда алдыңда күнәмді мойындадым,

Әділетсіздігімді енді жасырмадым.

Жаратқанға кінәмді ашық айтам дедім,

Сен сонда барлық күнәмді кешірдің.

6Сондықтан Өзіңе адал жүрген жан

Пәлеге тап болғанда, сиынсын Саған.

Тіпті топан судай апат келгенмен,

Ажалдан құтылады ол аман-есен.

7Сен баспанамсың пәледен сақтайтын,

Құтқарылғаныма қуана ән шырқаймын».

8«Мен саған ақыл-кеңес беремін,

Жүретін жолыңды көрсетемін.

Сені таса қылмай көзімнен,

Әрдайым жетелеп жүремін Мен.

9Ақылсыз ат пен есектей қасарма,

Ауыздық, жүген саласың оларға,

Әйтпесе бағынбай жүрер олар да».

10«Құдайсыз жан көп қасірет шегеді,

Ал Жаратқанға сенімін артқан пендені

Оның берік рақымы қоршай береді.

11Иемізге қуаныңдар, әділдер, шаттаныңдар!

Шын жүректен адалдар, қуана ән салыңдар!»

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help