1Буняминнің тұңғыш ұлы Бела, екінші ұлы Ашбел, үшінші ұлы Ахрай,
2төртінші ұлы Ноха, бесінші ұлы Рафа еді.
3Беланың ұлдары: Аддар, Гера, Әбихуд,
4Абишуа, Нағыман, Ахоах,
5Гера, Шефуфан, Хурам.
6Гебада тұрып, ал кейін Манахатқа жер аударылған әулеттердің басшылары болған Ехудтың ұрпақтары мыналар:
7Нағыман, Ахиях, Гера. Оларды Гера бастап алып барды. Оның ұлдары Ұзза мен Ахихуд болатын.
8Шәкәрім екі әйелі Хушим мен Бағарадан ажырасқаннан кейін, Моаб елінде де бала сүйді.
9Оның әйелі Ходеш Жобаб, Сибиях, Меша, Малқам,
10Еус, Сахия, Мирма есімді ұлдарды туды. Шәкәрімнің осы ұлдары әулет басшылары болды.
11Шәкәрімнің бұрынғы әйелі Хушим оған Абитуб пен Елпағал есімді екі ұл туып берген болатын.
12Елпағалдың ұлдары: Ебер, Мишам, Шемед. Шемед Оно мен Лодты әрі Лодқа қарасты елді мекендерді салды.
13(Елпағалдың басқа ұлдары:) Бериях пен Шема. Осы екеуі Аялон тұрғындарының әулет басшылары болатын. Ғаттың тұрғындарын сол қаладан қуып шыққан да осылар еді.
14Ахио, Шашақ, Еремот,
15Забадиях, Арад, Едер,
16Михайл, Ишфа, Жоха: Берияхтың ұрпақтары.
17Забадиях, Мешулам, Хизки, Хебер,
18Ишмерай, Излиях, Жобаб: Елпағалдың ұрпақтары.
19Жәкім, Зіхри, Забди,
20Елиенай, Силтай, Елиел,
21Адаях, Бераях, Шимрат: Шимейдің ұрпақтары.
22Ишпан, Ебер, Елиел,
23Абыдон, Зіхри, Ханан,
24Хананиях, Елам, Антотиях,
25Ифдиях, Пенуел: Шашақтың ұрпақтары.
26Шамшерай, Шехариях, Ғотолия,
27Ярешиях, Ілияс, Зіхри: Ерохамның ұрпақтары.
28Осылардың өз әулеттерінің басшылары болғандығы шежірелерде тіркелген. Олар Иерусалимде тұрды.
29Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,
30тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,
31Гедор, Ахио, Зәкәрия,
32Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.
33Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.
34Жонатанның ұлы: Меріб-Бағал, ал соның ұлы: Миха.
35Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.
36Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы: Моса.
37Мосадан өрбірген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.
38Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.
39Аселдің інісі Ешектің ұлдары: тұңғышы Ұлам, екіншісі Егуш, үшіншісі Әлипәлет еді.
40Ұламның ұлдары садақ атуға шебер мықты сарбаздар болды. Олардың ұлдары мен немерелерінің жалпы саны өте көп, барлығы жүз елу болды.
Осылардың бәрі Буняминнің ұрпақтары.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.