1Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы әрі жеті жұлдызы Бардан хабар.
Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің.
2Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.
3Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың.
4Дегенмен Сардтағы сендердің араларыңда арамданбаған бірқатарың бар. Олар аппақ киім киіп, Менімен бірге жүретін болады. Себебі олар соған лайық.
5Жеңіп шыққан әркім солар сияқты аппақ киім киетін болады; Мен оның есімін Мәңгілік өмір кітабынан өшірмей, Әкемнің және Оның періштелерінің алдында ашық мойындаймын.
6Құлағы барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Філаделфидегі қауымға арналған сәлемхат7Філаделфидегі қауымның хабаршысына былай деп жаз:
Бұл — Киелі де Шынайыдан хабар. Өзімде Дәуіттің (патшалығының) кілті бар; Мен ашқанды ешкім жаба алмайды, Мен жапқанды ешкім аша да алмайды.
8Сенің істеріңді білемін. Міне, Мен алдыңнан есікті ашып қойдым, ешкім де оны жаба алмайды. Өзіңдегі күш азырақ болғанымен, сен айтқандарымды сақтап, Менен танбадың.
9Тыңда: өздерін яһудиміз (яғни Құдай халқымыз) десе де, олай емес, өтірікші әрі «шайтанның мәжілісханасы» болғандардың кейбіреулерін саған беремін; расында оларды аяғыңа бас ұрғызып, Өзімнің сені сүйетіндігіме көздерін жеткіздіремін.
10Сен Менің азаптарда төзімділік таныту туралы бұйрығымды орындап келгендіктен, Мен сені осы дүниенің адамдарын тексеруге арналған, бүкіл жер бетінде болатын азапты сынақ кезінде қорғаймын.
11Мен жуырда келемін. «Жеңісіңнің тәжін» сенен ешкім тартып алмау үшін, өзіңде бар рухани игіліктерді берік ұста!
12Жеңіп шыққан әркімді Мен Құдайымның киелі үйінің «бағанасы» қылып қадірлеймін; ол содан ешқашан шықпайтын болады. Сол жеңімпазға Құдайымның атын әрі Оның қаласының атын, яғни көктен, Оның қасынан түсетін жаңа Иерусалимнің атын, және Өзімнің жаңа атымды да жазамын.
13Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Лаудікидегі қауымға арналған сәлемхат14Лаудікидегі қауымның періштесіне былай деп жаз:
Бұл — «Аумин» деп те аталатын Мәсіхтен хабар. Ол — шындықты жариялап, шейіт болған адал да шынайы Куәгер әрі Құдайдың жаратылысының Билеушісі.
15Мен сенің істеріңді білемін: сен салқын да емессің, ыссы да емессің. Не ыссы, не салқын болсаң ғой, шіркін!
16Алайда ыссы да емес, салқын да емес, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастамақпын!
17«Мен баймын, ауқаттымын, еш нәрсеге мұқтаж емеспін», — дейсің. Ал өзіңнің шынында сорлы бейшара, рухани жарлы, жалаңаш әрі соқыр екеніңді білмейсің!
18Саған рухани баюың үшін отта балқытылып тазартылған «саф алтынды» Менен сатып алуға кеңес беремін. Масқара жалаңаштығың көрінбес үшін Менен «аппақ киім» де алып, киін. Сондай-ақ, көре алуың үшін «көзге жағатын шипалы май» да сатып ал!
19Мен сүйетіндерімді әшкерелеп, тәртіпке шақырамын. Енді ынталы болып, өкініп, теріс жолдан қайт!
20Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Кімде-кім даусымды естіп, есік ашса, Мен оның жан дүниесіне еніп, онымен бірге «дастарқандас» боламын; ол да рухани нәр алып, Менімен тығыз байланыста болады.
21Өзімнің жеңімпаз болып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, Мен жеңіп шыққан әркімді де қасыма, тағымның үстіне отырғызамын.
22Құлақтары барлар Киелі Рухтың қауымдарға айтқандарын жақсылап тыңдап алсын!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.