Забур жырлары 54 - Киелі кітап(QazBi2010)

Сырлас досы опасыздық жасаған жанның мінажаты

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің насихат жыры.)

2Уа, Құдай, мінажатыма құлақ түрші,

Өтінішімді елемей жүрмеші.

3Назар аударып, жауап берші маған,

Аһ ұрып, абыржып жүрмін қайғыдан,

4Дұшпандарымның қатты дауысынан

Әрі әділетсіздердің қыспағынан.

Олар басыма азап жаудырады,

Ашулана жала да жабады.

5Жүрегім қинала дірілдейді,

Өлімнің қорқынышы тап береді.

6Үрей мен қалтырау басып алады,

Қорқыныш билейді тұла бойымды.

7Сонда мен тілек тілеп былай дедім:

«Кептердің қанаттарын маған берер кім,

Бұл жерден ұшып кетіп, тыншыр едім,

8Алысқа ұшып, айдалада қалар едім,

9Қастықтың дауылынан тез құтылар едім».

10Уа, Ием, зұлымдарды абыржытып,

Берекесін алшы тілдерін шатастырып,

Қаладан зорлық-зомбылық тұрмын көріп.

11Күні-түні олар қамалда аңдып жүреді,

Сұмдық пен пәлеге толы қала іші,

12Тонаушылық пен өлім мол шаһарда,

Жалғандық пен зорлық бітпес базарда.

13Жауым қараласа соған төзер едім,

Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім.

14Алайда мұны істеген қатарласым

Сенсің, о, жаныма жақын сырлас досым!

15Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз,

Құдайдың үйіне бірге барғанымыз.

16Кенеттен жетсін ажал жауларыма,

Тірідей түссін олар тұңғиыққа,

Зұлымдық мекендейді ғой араларында.

17Ал мен Құдайды көмекке шақырамын,

Сонда мені құтқарады Жаратқаным.

18Ертеңгісін, тал түсте және кешқұрым

Құдайыма дауыстап жалбарынамын,

Оның құлағына шалынады дауысым.

19Маған қарсы шығып, шайқасқан көп жаудан

Құдай жанымды сақтап алады аман.

20Ежелден Құдай тағында отырып келеді,

Мені естіп, жауды Өзіне бас игізеді.

Олар іс-әрекеттерін өзгертпей келді,

Құдайдан қорқып, Оны қастерлемей жүрді.

21Дұшпаным жасасқан келісімінен бас тартты,

Өзімен тату тұрғандарға қарсы шықты,

22Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері,

Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі,

Иісмайдан да жағымды айтқандары,

Шынымен жалаң семсердей астарлары.

23Жаратқан Иеге арт бар уайымыңды,

Ол сені қолдап, ойлайды қамыңды,

Мәңгілік құлатпайды әділ жанды.

24Алайда, уа, Құдайым, сол сұмдарды

Тастайсың Сен тұңғиық шыңырауға,

Қанішер жауыздардың жандары

Құриды жетпей-ақ жасының жартысына.

Ал мен болсам сенемін Жаратушыма.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help