1Сонымен сүйікті рухани баласы ретінде Құдайдан үлгі алыңдар!
2Мәсіхтің бізді сүйіп, біз үшін Өзін құрбан еткеніндей, сендер де бір-біріңді сүйіп өмір сүріңдер! Оның өз жанын қиғаны Құдайға ұнамды, хош иісті құрбандық іспетті болды.
3Араларыңда неке адалдығын бұзу, әр қилы азғындық пен ашкөздіктің тіпті аттары да аталмасын. Құдайға бағышталған адамдарға бұлардан аулақ жүру лайық.
4Сендерге әдепсіздік жасау, ақымақ сөз бен тұрпайы қалжың айту емес, шүкірлік ету жарасымды.
5Мынаны біліп қойыңдар: неке адалдығын бұзатындар, ұятсыздар және ашкөз адамдар — жалған тәңірлерге табынушылар. Мұндайлардың ешқайсысына да Мәсіхтің және Құдайдың Патшалығында орын жоқ.
6Ешкім де сендерді өтірік сөздерімен алдамасын! Себебі Құдайға мойынсұнбайтындарға осы күнәлары үшін Оның қаһарлы соты төніп тұр.
7Сондықтан олардың іс-әрекеттеріне сыбайлас болмаңдар!
Иеміздің нұрына кенеліп өмір сүру8Бұрын сендер түнек болдыңдар, ал енді Иемізбен байланысып, «нұрсыңдар»: ендеше «нұрдың адамдары» болып әрекет етіңдер!
9Ал нұрдағы өмірдің өнімі — нағыз игілік, әділдік, шындық.
10Құдай Иеге не ұнайтынын біліп алып,
11түнектегі адамдардың бекер істеріне араласпаңдар, қайта, оларды әшкерелеңдер!
12Мұндайлардың жасырын істейтіндерін айтудың өзі ұят.
13Ал түнекке нұр шашылса, ондағының бәрі анық көрінеді. Бар нәрсені әшкерелейтін — нұр.
14Сондықтан да былай деп айтылады:
«Оян, ей, ұйқышыл,
Рухани өлімнен тіріл!
Мәсіх саған төгеді нұр».
15Сонымен парасатсыз емес, ақыл-парасатпен өмір сүруге ерекше ден қойыңдар:
16жақсылық жасауға әр мүмкіндікті пайдаланыңдар, себебі қазіргі күндер зұлымдыққа толы.
17Сондықтан ақымақ болмай, Құдай Иенің еркін біліп алыңдар.
18Арақ-шарап ішіп, мас болмаңдар, бұл жүгенсіздікке апарады! Қайта, Киелі Рухқа кенеле беріңдер!
19Бір-біріңді Забур жырлары, мадақтау өлеңдері және Киелі Рух дарытқан әндер арқылы жігерлендіріп, Иемізді ән-күймен шын жүректен дәріптеңдер.
20Иеміз Иса Мәсіхтің атымен Құдай Әкеге қай нәрсе үшін де ұдайы шүкірлік етіңдер!
Сенушілердің отбасындағы өмірі: ерлі-зайыптыларға өсиет21Сендер Мәсіхті қастерлейтіндіктен, бір-біріңе мойынсұныңдар!
22Әйелдер, Иемізге мойынсұнғандай, күйеулеріңе де мойынсұныңдар;
23өйткені Мәсіхтің сенушілер қауымының Басы болғаны сияқты, еркек — әйелдің «басы». Мәсіх сенушілерді құтқарып алды, енді қауым — Оның рухани денесі.
24Қауымның Мәсіхке мойынсұнғанындай, әйелдер де барлық істе күйеулеріне мойынсұнуға тиіс.
25Күйеулер, Мәсіх қауымды қалай сүйсе, сендер де әйелдеріңді солай сүйіңдер: Мәсіх қауым үшін жанын қиды!
26Оны Құдай сөзімен тазартып, қайта туғызып, қасиетті қылды.
27Сонымен қауым күйеуіне апарылған қалыңдықтай салтанатты да сұлу, ешбір дақсыз, ақаусыз, басқа да кемшіліксіз, қасиетті де пәк таза болсын.
28Дәл осылай жұбайларын өз тәніндей жақсы көру — күйеулердің міндеті. Әйелін сүйген өзін де сүйеді.
29Ешкім де өз тәнін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, баптап күтеді, Иеміз де қауымды солай қамқорлайды.
30Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз.
31«Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады», — деп (Тауратта) жазылған.
32Осында терең сыр бар, мен мұны Мәсіхке және қауымға байланысты айтамын.
33Бірақ ол сендерге де қатысты: әрқайсың әйеліңді өзіңдей сүюге тиістісің, ал әр әйел күйеуін құрметтеуге міндетті.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.