1(Дәуіттің жыры.)
Төрелік айтып мені ақташы Өзің,
Уа, Жаратқан Ием, адал жүріп келемін,
Саған сенім артып еш күдіктенбеймін.
2Тексер мені, уа, Жаратқан, байқап көр,
Жүрегім мен ой-санамды сынап көр.
3Өйткені көз алдымда мейірімің, Сенің
Ақиқат жолыңмен жүріп келемін,
4Өтірікшілермен бірге отырмаймын,
Зымияндармен де бірге жүрмеймін.
5Арамзалар жиынын еш жаратпаймын,
Зұлымдармен ешқашан отырмаймын.
6Қол жуып адалдығымды білдіремін,
Құрбандық үстеліңді айналып жүремін,
7Уа, Ием, мадақтап Сені әндетемін,
Керемет істеріңді паш етемін.
8Сен тұратын қасиетті үйіңді,
Ұлылығың мекендейтін орынды
Сондай сүйемін, уа, Жаратқан Ие.
9Күнәкарлармен бірге жанымды алма,
Қанішерлермен бірге өмірімді құртпа.
10Арам қылықтары қолдарын былғайды,
Пара алып, беруден олар бас тартпайды.
11Бірақ мен кінәратсыз таза жүремін,
Құтқаршы мені рақымыңмен Өзіңнің.
12Тегіс жерде табан басып нық тұрамын,
Жиындарда Жаратқанға мақтау айтамын.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
