Забур жырлары 6 - Киелі кітап(QazBi2010)

Бейшараның Құдайдан сауықтырып, қолдауын сұрауы

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сегіз ішекті жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)

2Уа, Ием, маған ызаланып сөге көрме,

Қаһарланып мені жазалай көрме.

3Әлсізбін, о, Ием, рақымды бола гөр,

Дірілдеген денемді сауықтыра гөр.

4Жан дүнием қатты арпалысады,

Жол бересің, уа, Ием, бұған қашанғы?

5Я, Ием, қайтып, жанымды құтқара гөр,

Берік рақымыңмен аман сақтай гөр.

6Өлгендер Сені естеріне алмас,

Көрдегілер Сені мадақтамас.

7Күрсіне ыңқылдап қатты шаршаймын,

Түні бойы зар еңіреп жылаймын,

Төсегімді көз жасыммен дымқылдаймын.

8Осы қайғымнан көзім солып қалды,

Көп жауыма бола көруден қалды.

9Аулақ менен, бар зұлымдық жасайтындар!

Ием құлақ түрді жылаған даусыма,

10Жаратқан естіді жалынышымды,

Иә, Ием қабылдайды мінажатымды.

11Бар жауым үрейленіп масқаралансын,

Кенеттен кері қайтып, қарабет болсын.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help