Забур жырлары 132 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдай халқының ынтымақтастығы

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын Дәуіттің жыры.)

Бауырлардың ынтымақта тұрғандары

Қандай тамаша да жарасымды!

2(Һарон Құдайдың қызметіне арналғанда)

Басына құйылған жұпар май іспетті,

Ынтымақтастық та аса ізгілікті!

Сол иісмай Һаронның басынан сақалына,

Киімінің етегіне дейін аққан еді.

3Сондай-ақ, ынтымақ арамыздағы —

Хермон тауына түсетін шық тәрізді.

Бұл шық Сион тауына да түседі,

Жердің бәрін құнартып, көгертеді.

Сонда Иеміз өз жарылқауы — шын өмірді

Мәңгі бақи сыйлауға ұйғарған еді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help