1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Назарымды Өзіңе аударамын,
Уа, көкті мекендеуші Құдайым!
2Құлдың көзі қожайынының қолынан,
Күңінің көзі ханымының қолынан
Таймайтындай, біз де Иеміз Құдайдан
Көз алмаймыз рақым көргенше Одан.
3Рақым ете гөр, уа, Жаратқан Ие,
Мейіріміңді түсіре гөр біздерге,
Тойындық жұрттың бізді жек көргеніне,
4Жанымыз тойды менменнің қорлауына,
Паңдардың бізді балағаттауына.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
