Нақыл сөздер 20 - Киелі кітап(QazBi2010)

1Шарап — қорлағыш, сыра — даурықтырғыш,

Ішімдікке салынған әркім ақылсыз.

2Патшаның қаһары — ақырған арыстан,

Ашуын тұтатқан — басына пәле шақырған.

3Жанжалға бармау адамға абырой болар,

Ал ақымақ болса, жанжалға асығар.

4Жалқау мезгілінде жерін жыртпас,

Орақ кезі жеткенде өнім таппас.

5Адамның ой-ниеті тұңғиық судай болар,

Ақылды адам олардан сарқып алар.

Адалдық пен даналық

6Өз мейірімін көп адам мақтан тұтар,

Ал шынымен адал жанды кім табар?

7Әділ жан мінсіз өмір сүрер,

Балалары жарылқауды иемденер.

8Сот тағында отырған патшалар

Бар қылмысты көзбен сұрыптап шығарар.

9Жүрегімді таза ұстап, күнәсіз жүрдім

Деп тайсалмай айта алар еді кім?

10Тең емес таразы, тең емес өлшем —

Екеуін де жек көрер Тәңір Ием.

11Істерін байқасаң баланың,

Білесің мінезінің таза, дұрысын.

12Еститін құлақ пен көретін көздің

Екеуін де жаратты Тәңір Иең.

13Ұйқышыл болма, тапшылыққа ұшырарсың,

Қырағы болғын, тамаққа тойынарсың.

14Сатып алушы затты «тым нашар» деп сынар,

Ал былай шығып, арзанға алғанына мақтанар.

15Алтын да бар, маржан да мол,

Зерделі тіл — нағыз қазына сол.

16Бөгдеге біреу кепіл болса,

Шапанын шешіп алыңдар сонда,

Кепілдік болсын бөгденің қарызына.

17Адамның алдап тапқан наны тәтті,

Ал кейін аузы құмға толы іспетті.

18Ақылдасқан іс берік тұр,

Соғысар алдында кеңес құр.

19Өсек тасыған сырыңды ашар,

Серігің болмасын сөзқұмар!

20Әке-шешесін қарғағанның

Жанары қара түнекте сөнер.

21Тым ерте иемденген мұралы еншің

Соңынан болмас шынайы берекең.

22Зұлымдықтың кегін қайтарам деме,

Тәңір Иеге тапсыр, Ол қолдайды сені.

23Жаратқанға мүлдем ұнамсызы —

Дәл емес өлшем тастары,

Өте жаман да — жалған таразы.

24Адамның қадамдарын Тәңір Ие белгілер,

Онсыз адам жүрер жолын қайдан білер?

25Тәңірге асыға өз меншігін бағыштау,

Ал берген антына соңынан өкіну,

Бұл — өзіне-өзі тұзақ құру.

26Ақылды патша қылмыскерлерді анықтар,

Кейін соларды талқандап жазалар.

27Адамның рухы — Жаратқанның шырағы,

Жүрек түкпірлерін зерттейді ол қырағы.

28Мархабат пен ақиқат патшаны қорғайды,

Мызғымас мейірімі оның тағын қолдайды.

29Жастардың мақтанары — күш-қуаты,

Қарттардың қадірі — ағарған шашы.

30Соққының ізі адамды зұлымдықтан арылтар,

Әділ жазасы жан дүниесін тазартар.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help