1Дәуіт пен оның қолбасшылары Асафтың, Хеманның және Едутуннің кейбір ұлдарын ерекше көңіл күйіне еніп жетіген, шертер, сылдырмақтың сүйемелдеуімен мадақтау жырларын айту қызметіне айрықша тағайындады. Осы қызметті атқарған адамдардың тізімі мынау:
2Асафтың ұлдарынан: Зақур, Жүсіп, Нетаниях, Ашарелах. Асаф өз ұлдарына жетекшілік етті. Асафтың өзі Дәуіт патшаның басқаруымен ерекше көңіл күйіне еніп мадақтау жырларын айтатын.
3Едутуннің ұлдарынан: Ғодалиях, Сери, Ишая, Шимей, Хашабиях, Мататиях; барлығы — алтау. Оларға әкесі Едутун жетекшілік етті. Оның өзі жетігенде ойнағанда ерекше көңіл күйіне еніп Жаратқан Иені мадақтап, Оған шүкірлік білдіретін.
4Хеманның ұлдарынан: Буқиях, Маттаниях, Ұзиел, Шебуил, Еримот, сондай-ақ Хананиях, Ханани, Әлиата, Ғидалти, Ромамти-Езер, әрі Жошбеқашах, Малоти, Хотир, Махазиот.
5Осылардың бәрі де патшаның пайғамбары Хеманның ұлдары болатын. Себебі Құдай Өзінің Хеманның абыройын көтеремін деп берген уәдесін жүзеге асырып, оған он төрт ұл мен үш қыз сыйлаған еді.
6Осы аталғандардың барлығы да Құдай Иенің киелі үйінде сылдырмақ, домбыра, жетігенде ойнап, ән-жыр айтатын. Олар сол қызметті өздерінің әкелерінің жетекшілігімен атқаратын. Асаф, Хеман, Едутун патшаның қарамағында болды.
7Олардың өздері де, ағайындары да Жаратқан Иені ән-күймен мадақтау үшін арнайы дайындықтан өткен нағыз шеберлер болатын. Олардың жалпы саны екі жүз сексен сегіз еді.
8Олар не жас, не кәрі болсын, не тәлімгер, не шәкірт болсын, қызмет ететін кезектеріне жеребе арқылы тағайындалған еді.
9Асафқа тиісті бірінші жеребе Жүсіпке және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті. Екінші жеребе Ғодалияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
10Үшінші жеребе Зақурға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
11Төртінші жеребе Сериге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
12Бесінші жеребе Нетанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
13Алтыншы жеребе Буқияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
14Жетінші жеребе Ашарелахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
15Сегізінші жеребе Ишаяға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
16Тоғызыншы жеребе Маттанияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
17Оныншы жеребе Шимейге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
18Он бірінші жеребе Ұзиелге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
19Он екінші жеребе Хашабияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
20Он үшінші жеребе Шубаилға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
21Он төртінші жеребе Мататияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
22Он бесінші жеребе Еримотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
23Он алтыншы жеребе Хананияхқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
24Он жетінші жеребе Жошбеқашахқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
25Он сегізінші жеребе Хананиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
26Он тоғызыншы жеребе Малотиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
27Жиырмасыншы жеребе Әлитаға және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
28Жиырма бірінші жеребе Хотирге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
29Жиырма екінші жеребе Ғидалтиге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
30Жиырма үшінші жеребе Махазиотқа және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
31Жиырма төртінші жеребе Ромамти-Езерге және оның он екі ұлы мен ағайынына түсті.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.