1Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
2Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,
Күні-түні сол туралы ойланады.
3Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:
Сол мерзімінде жемісін береді,
Жапырақтары кеуіп те сембейді,
Не істесе де, ол табысқа жетеді.
4Ал құдайсыздарда солай болмайды,
Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
5Құдай сотында ақтала алмайды,
Әділдер қауымында орны болмайды.
6Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,
Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
