1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жастайынан көріп келген қыспағы
Жайлы айтып берсін Исраил халқы:
2«Жастайымнан мол көрдім қыспақты,
Алайда мені мүлдем жеңе алмады,
3Жон арқамда айдағандай соқаны
Ұзынынан созылған атызы қалды.
4Бірақ Жаратқан Ие әділетті,
Сұмдар салған кісеннен азат етті».
5Сионды жек көрген дұшпандарының
Бәрі ұятқа қалып кері қайтсын,
6Өспей жатып бірден қурап қалатын
Үй төбесіндегі шөпке олар ұқсасын:
7Орақшының қолы соған талмайды,
Бау байлаушының құшағы да толмайды.
8«Жаратқан Ие сендерді жарылқасын,
Бата береміз Жаратқанның атымен»
Деп қастарынан өткендер тілемесін!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
