1Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,
Өйткені Ол кереметтер істеді,
Киелі құдіретімен жеңіп шықты.
2Жаратқан Ие жеңісін аян етті,
Әділдігін де халықтарға көрсетті,
3Ол Исраилге деген мейірімін де,
Сенімділігін де сақтайды есінде.
Құдайымыздың құтқаруын көрді
Жер бетінің түкпірлеріндегілер де.
4Бүкіл жер жүзі, шаттанып айқайлаңдар,
Жаратқанға қуана ән-жыр айтыңдар,
5Домбыра шертіп, әдемі ән салыңдар,
Жетігенмен де Иемізге күй тартыңдар,
6Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар,
Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар!
7Теңіз де өзін мекендейтіндерімен,
Әлем де сонда тұратындарымен
Шаттана шуласып Оны мадақтасын!
8Өзендер қуана қол шапалақтасын,
Таулар да бірігіп шаттана ән салсын
9Жаратқан Иеміздің көз алдында!
Ол жерге келеді үкім шығаруға,
Әлемге әділ билік айтуға,
Нағыз шындықпен күллі ұлттарға.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
