Ишая 12 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құтқарылғандардың Жаратқан Иені мадақтау жыры

1Сол кезде мынадай ән-жыр айтатын боласың:

«Уа, Жаратқан Ием, Сені мадақтаймын!

Маған ашуланған едің, ал сосын

Қаһарыңды басып, мені жұбаттың.

2Сөз жоқ, тек Құдай менің Құтқарушым!

Оған сеніп, қорықпаймын да енді,

Жаратқан Ие — күш-қуатымның көзі,

Айтатын жырым Тәңір Ием жайлы,

Ол адал Құтқарушым болып келеді!»

3Құтқарылудың қайнар көздерінен

Су ала бересіңдер қуанышпен.

4Сол кезде былай дейтін боласыңдар:

«Жаратқан Иеге шүкірлік етіп,

Есімін атап Оған сиыныңдар,

Әділ істерін ұлттарға білдіріп,

Есімінің ұлылығын хабарлаңдар!

5Жаратқан Иеге арнап ән шырқаңдар,

Ол ұлы кереметтерді істеді,

Осыны білсін жер жүзінің бәрі!

6Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,

Дауыстап қалықтата ән салыңдар:

Исраил сиынған Киелі Құдай

Енді өздеріңнің араларыңда

Бөленеді салтанатты ұлылыққа!»

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help