1Бабылдың өзен жағаларында отырдық,
Сионды еске алып біз зар жыладық.
2Жетігенімізді іліп қойдық сонда
Жағада өсіп тұрған қызыл талдарға.
3Тұтқындағандар жыр айтуымызды талап етті,
Азаптағандар бізден шаттық әнін күтті:
«Сионның ән-жырларын айтыңдар!» деді.
4Бөтен елде жүргенде қалайша біз
Иеміздің ән-жырларын айта аламыз?
5О, Иерусалим, егер ұмытсам сені,
Оң қолым, сен де ұмытқайсың мені!
6Иерусалимді есімде сақтамасам,
Оны шаттығымның шыңы деп санамасам,
Онда тілім көмейіме жабысып қалсын!
7Уа, Жаратқан Ием, есіңе түсірші
Иерусалим жау қолына түскен күні
Едомдықтардың не істегендерін:
«Қиратыңдар қаланы түбіне дейін!
Қиратыңдар оны!» деп өршіткендерін.
8Уа, Бабыл қаласы, ойран салғышсың,
Саған бізге істеген қастығыңның
Есесін қайтарған жан бақытты болмақ,
9Ұстап алып балаларыңды өзіңнің,
Тасқа ұрған адам бақытты болмақ.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
