1Бұл — Моаб елі туралы ауыр хабар: Ойбай, Моабтағы Ар қаласы еш шүбәсіз бір-ақ түнде қиратылып талқандалмақ! Моабтағы Кир қаласы да бір-ақ түнде жойылып күл-талқан болмақ!
2Халық жалған тәңірдің ғибадатханасына көтеріледі. Олар Дибонның биіктеу жерлеріндегі табыну орындарында жылау үшін өрлеп шығады. Моаб халқы Небо мен Медеба қалаларын жоқтап жылайды. Барлығы да қайғырып шаштарын, сақал-мұрттарын алып тастайды.
3Олар көшеде азалы киім киіп жүріп, алаңдар мен үйлердің жалпақ төбелерінде де жоқтау айтып жылайды.
4Хешебон мен Елғаленің халқы зар еңіреп, олардың даусы Яхасқа дейін естіліп тұрады. Сондықтан Моабтың жасақшылары да айқайлап, дірілдеп қорқады.
5Мен шын жүректен Моаб үшін жылаймын. Оның босқындары Сиғор мен Үшінші-Әглат қалаларына дейін қашып кетпек. Олар Лухитке апаратын асуға еңірей көтеріліп, Хоронаимға қашып барып, шеккен азаптарына қатты қайғыра жылай береді.
6Өйткені Нымрим сайының суы тартылып қалып, жағасындағы шөптер күйіп кетті. Көк шөп пен өсімдік атаулыдан ештеңе қалмады.
7Өздерінің жиып-теріп, сақтап қойған мол байлықтарын халық Теректер жылғасының ар жағына тасып әкетеді.
8Иә, Моаб елінің қай жерінен де зар еңіреген дауыс естіледі. Айтылған жоқтау Әглаим мен Бегер-Елім қалаларынан да естілмек.
9Дибондағы өзеннің суы төгілген қаннан қып-қызыл болып ағады. Алайда Мен мұндағы халықтың басына бұдан да көбірек ауыртпалық түсіремін: арыстан Моабтан қашып кетіп бара жатқандарға да, елде қалғандарға да бас салатын болады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
