Езекиел 19 - Киелі кітап(QazBi2010)

Исраилдің билеушілері жайлы екі жоқтау

1Енді Исраилдің билеушілері жайлы мына жоқтауды айт:

2Анаң арыстандардың ішіндегі

Қандай керемет арыстан еді!

Күшті арыстандар арасында жатып,

Ол абдандарын асырайтын еді.

3Солардың бірін айрықша қып өсірді,

Сол қуатты арыстан болып өсті,

Аулаған олжасын жыртып паршалады,

Адамдарға да бас салып, жалмады.

4Басқа ұлттар ол туралы естіді,

Торуылдап апандарына түсірді,

Шынжырлап Мысырға айдап әкетті.

5Анасы үмітінің ақталмағанын

Көріп, күткенінің іске аспағанын,

Күшті арыстан қып өсірді басқасын.

6Арыстандармен бірге ол жортуылдады,

Нығайып, мықты арыстанға айналды,

Аулаған олжасын жыртып паршалады,

Адамдарға да бас салып, жалмады.

7Ол солардың қамалдарын қиратты,

Қалаларын ойрандап қаңыратты,

Зор даусымен бүкіл елді қалтыратты.

8Халықтар сонда қарсы шықты оған,

Шабуылдады көрші аймақтардан,

Олар торларын жайды оған арнап,

Қолға түсті ол апандарына құлап.

9Оны шынжырлап тор ішіне кіргізді,

Бабыл патшасының алдына әкелді.

Сосын зынданға салып күзетті,

Исраилдің тауларында содан бері

Ақырған дауысы еш естілмейді.

10Су бойына орналасқан жүзімдіктегі

Жүзім бұтасына анаң ұқсас еді.

Сол бұта мол судан жемісті көп берді,

Бұтақтары жайқалып тұратын еді.

11Бұтақтарының күшті болғаны сонша,

Лайықты билеуші асатаяғына.

Қалың жапырақтан сол бұта асқақтады.

12Әйтсе де ұшырап жаудың қаһарына,

Жерге тасталды тамырымен жұлына,

Шығыстан соққан аңызақтан қурады,

Бар жемістерінен бұта айырылды,

Күшті бұтақтары оның қурап қалды,

От оларды аяусыз құртып жалмады.

13Сол бұта қазір жаңбырсыз шөл далада,

Қуарған сусыз мекен — иен далада.

14Оның үлкен бұтақтарының бірінен

От шығып, жалмап қойды жемісін барша.

Билеушінің асатаяғы болуға

Лайықты күшті бұтақ қалмады онда.

Бұл — жоқтау жыры, ол жоқтау мәнерімен айтылсын.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help