Забур жырлары 137 - Киелі кітап(QazBi2010)

Жаратқан Иенің берік рақымын мадақтау

1(Дәуіттің жыры.)

Шын жүректен, уа, Ием, Сені дәріптеймін,

Періштелер алдында әндетемін.

2Киелі үйіңе қарай иілемін,

Берік рақымың мен адалдығың үшін

Сенің атыңа шүкіршілік етемін,

Өйткені дүниеде бар нәрселерден

Атың мен сөзіңді жоғары қойдың Сен.

3Мінажат еткенімде жауап бердің,

Жігер беріп, жанымды берік еттің.

4Уа, Ием, естігенде аузыңнан шыққан сөзіңді

Жердің бар патшалары мадақтасын Өзіңді,

5Олар әнге салсын Жаратқанның жолдарын,

Өйткені шексіз зор — ұлылығы Оның!

6Жаратқан Ие бәрінен де жоғары,

Ал кішіпейілге Ол назар аударады,

Тәкаппар адамды да алыстан ұғады.

7Жүрсем де қақ ортасында қиын жағдайдың,

Уа, Ием, жанымды аман сақтайсың,

Кәрлі жауларыма қарсы қол жұмсайсың,

Мені құдіретіңмен қолдап-қорғайсың.

8Осыны істейді мен үшін Жаратқан,

Рақымың, уа, Ием, ұласады әрқашан,

Бас тартпа бізден, өз жаратылысыңнан.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help