Забур жырлары 64 - Киелі кітап(QazBi2010)

Ұлы Құдайдың шапағатына шүкірлік

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.)

2Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады,

Өзіңе берілген анттар орындалады,

3Мінажаттар құлағыңа жетеді,

Барлық адамдар алдыңа келеді.

4Теріс істеріміз жаншып тұр бізді.

Ал Сен кешіресің күнәларымызды.

5Қандай бақытты — Өзің таңдағандар,

Қасыңда, аулаларыңда тұрады олар,

Сонда кенелеміз үйіңнің жақсылығына,

Киелі ғибадатханаңның рақатына.

6Құдай, құлақ саласың әділдікпен,

Бізді құтқарасың керемет істермен.

Саған үміт артады жер шетіндегілер

Және алыс теңіздегі кемешілер.

7Сен құдіретіңмен тауларды орнаттың,

Күш-қуатқа бөленіп, беліңді будың.

8Теңіз толқынының гүрілін тыншыттың,

Халықтардың шуылын тыныштандырдың.

9Кереметтеріңе таңғалар алыс елдер,

Шығыс пен батысқа айтқызасың әндер.

10Сен жерді баптап суарып, құнартасың,

Уа, Құдай, халықты нанға тойдыру үшін

Өзендеріңді суға толтырасың,

Жерді Өзің солай дайындайсың.

11Соқаның іздерін суға қандырасың,

Топырақ кесектерін тегіс қыласың,

Құйылған нөсермен оларды жұмсартасың,

Өсіп шыққан өнімдерін жарылқайсың.

12Солай жылды игілікке бөлейсің,

Қайда жүрсең де молшылық бересің,

13Иен даланың жайылымдары суланған,

Қыраттар құлпырып қуаныш жамылған,

14Жайылым қора-қора малға толып,

Алқаптар егінменен жайқалып,

Бәрі қуана айқайлайды ән салып.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help