1Шырқаңдар жаңа ән Жаратқан Иеге,
Күллі әлем, ән-жыр айтыңдар Иемізге!
2Ән салып Оның есімін мадақтаңдар,
Бізді құтқарғанын күн сайын хабарлаңдар,
3Халықтарға паш етіп Оның ұлылығын,
Бар ұлттарға Иеміздің кереметтерін!
4Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,
Оны қастерлеу қажет бар «тәңір, пірден» гөрі.
5Өзге ұлттар табынған «тәңірлер» жалған,
Ал Жасаған Ие аспанды жаратқан!
6Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,
Құдірет пен әсемдік киелі тұрағында.
7Жаратқанның ұлылығы мен күш-қуатын
Мойындаңдар, уа, рулары күллі ұлттардың,
8Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,
Оның аулаларына сый-тарту әкеліңдер,
9Қасиетті салтанатына бөленіңдер,
Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер,
Оның алдында дірілдеп дәріпте, бүкіл жер!
10Бар ұлттарға мынаны паш етіңдер:
«Жаратқан Иеміз патшалық жүргізер!»
Әлем берік орнатылды, орнынан қозғалмайды,
Иеміз ұлттарды әділдікпен соттайды.
11Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,
Теңіз бен ондағылар бәрі шуылдасын,
12Дала мен ондағылар жырлап шаттансын,
Бар орман ағаштары қуана ән салсын,
13Келе жатқан Жаратқан Иенің алдынан шықсын!
Себебі Ол келіп, жерге сот құрады,
Әлемге әділдікпен үкім шығарады,
Ұлттарға адалдығымен билік айтады.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
