1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Жаратқан Иені қастерлейтін,
Оның жолдарымен жүретін
Әрбір адам қандай бақытты!
2Еткен еңбегіңнің өнімін жейсің,
Құдай сені жарылқап, өркендейсің.
3Әйелің сенің үйіңнің ішіндегі
Жемісті жүзім бұтасы секілді,
Ал ұл балаларың дастарқан басындағы
Зәйтүн ағашының өркендері сияқты.
4Жаратқан Ие осылай жарылқайды
Өзін терең қастерлеген жандарды.
5Сион тауындағы киелі үйінен
Жаратқан Ие сені жарылқай берсін.
Өмір бойы Иерусалимнің амандығын
6Көресің һәм немерелеріңнің қызығын.
Исраилге тыныштық бұйырта көрсін!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
