1Қап, әттеген-ай, Нілге құятын салалардың ар жағында орналасқан, қанаттылар сусылдап ұшатын Құш елі қасіретке қалады!
2Сол ел қамыстан жасалған қайықпен Ніл өзенімен елшілерін жібереді.
Уа, жүрдек хабаршылар! Өзендермен бөлінген өз елдеріңе қайтыңдар! Әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл өз халқыңа мына хабарды жеткізіңдер:
3Ей, жер бетінде тұратын барлық адамдар, ден қойыңдар! Тау бастарында ту көтерілгенде соны көріп, керней тартылғанда соны еститін боласыңдар!
4Себебі Жаратқан Ие маған мынаны айтты: «Мен Өзім тұратын көктен тыныштықпен төменге көз саламын. Осы тыныштық күн күйіп тұрған кездегі жым-жырт ыстыққа әрі өнім жинайтын кездегі аптапта жоғары қарай ақырын көтерілген буға ұқсайды».
5Жүзімші өнімді жинамас бұрын, бүршік гүлдеп болып, жүзім піскен кезде, пышағымен артық өскіндерді кесіп түсіреді. Сол сияқты, Жаратқан Ие Құштың жасағын «шауып тастайды».
6Оның өлген жасақшыларының денелері таудағы жыртқыш құстар мен даладағы аңдарға қалады. Олармен жазда құстар, қыста аңдар қоректенеді.
7Сол кезде ұзын бойлы, сақал-мұртсыз, әр жерде қорқыныш туғызатын мықты да зорлықшыл халықтан Әлемнің Иесіне арналған сый-тарту келеді. Олар соны өзендермен бөлінген өз елдерінен Әлемнің Иесінің есімі құрметтелетін орынға, Сион тауына, әкеледі.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
