1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)
Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені,
Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені:
«Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»
2Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда,
Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
3Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?
4Ал Жаратқан отырады көктегі тағында,
Өзінің киелі ғибадатханасында,
Иеміз бақылайды барлығын да,
Сын көзбен қарайды адам баласына.
5Жаратқан Ие әділдерді тексереді,
Зұлым да зорлықшыл жандарды Ол жек көреді,
6Залымдарға жаудырады жанған көмірді
Әрі жазалау үшін лаулаған күкіртті,
Қоса жібереді күйдіріп өртейтін желді.
7Иеміз әділ, Ол әділдікті сүйеді,
Шыншыл жандар Оның бет-жүзін көреді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
