1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сыбызғылардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2Уа, Жаратқан Ием, сөзіме құлақ түре гөр,
Қасіретті ойларыма көңіл бөле гөр,
3Құлақ салсаңшы дауысыма зар жылаған,
О, Патшам, Құдайым менің, сиынамын Саған.
4Уа, Ием, ертеңгісін ести гөр дауысымды,
Таң ата алдыңа келіп, күтемін жауабыңды.
5Себебі Сен, Құдайым, зұлымдықты құптамайсың,
Жамандық атаулыны қасыңа жолатпайсың.
6Мақтаншақтар тұра алмас көз алдыңда Сенің,
Заңсыздық істейтіндердің бәрін жек көресің.
7Өтірік айтқандардың көзін құртып жібересің,
Уа, Ием, Сен қанішер, опасыздан жиренесің.
8Ал мен мол рақымыңның арқасында
Өзіңнің киелі үйіңе кіремін,
Қасиетті ғибадатханаңның алдында
Өзіңді терең қастерлеп бас иемін.
9О, Ием, мені Өзіңнің тура жолыңмен
Жауларыма бола бастап алып жүрші,
Жолыңды Өзің маған белгілеген
Алдымнан анықтап, тегістеп берші.
10Себебі жауларымның сөздерінде жоқ шындық,
Жүректерінде ағыл-тегіл мол зұлымдық,
Арандары олардың көрдей ашық,
Майда тілдерімен айтады жалғандық.
11Уа, Құдайым, үкімдерін шығаршы,
Құрған тұзақтарына өздерін құлатшы,
Мол күнәлары үшін қуып шықшы,
Өйткені олар Саған қарсы шықты.
12Өзіңе үміт артқандар шаттансын,
Лайым қуана мадақтап ән салсын.
Өзіңді сүйгендер Сені айтып мақтансын,
Олардың бәрін Сен қолдап-қорғайсың.
13Уа, Ием, Сен әділдерді жарылқайсың,
Рақымыңмен қалқан іспетті қоршайсың.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
