1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)
Мүшкіл халімде Иеме жалбарындым,
Ол мінажатыма түрді құлағын.
2Құтқара көрші мені, уа, Жаратқан,
Айлалы тіл мен өтірікші ауыздан.
3Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан,
Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан:
4Тартар жазаң сарбаздың өткір оғындай,
Әрі жанған ағаш көмірінің шоғындай.
5Алыс Мешехте кірме болып тұрған,
Қидар шөлінде шатыр маңында қонған
Сияқты сорлы басымды қайғы басқан!
6Ынтымақты ұнатпайтындармен
Ұзақ уақыт бірге тұрып келемін,
7Татулықты сүйетін жанмын мен,
Ал олар таласпақшы, бұл жайлы сөйлесем.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
