Забур жырлары 46 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайдың бар халықтарға жүргізетін билігі

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының жыры.)

2Күллі ұлттар, Құдайға қол соғыңдар,

Шаттық үнмен дауыстап Оны мақтаңдар!

3Себебі Жаратқан — Хақ Тағала айбатты,

Ол — бүкіл жер бетінің ұлы Патшасы

4Бізге халықтарды бағындырады,

Жау ұлттарды табанымызға салады.

5Үлесімізге таңдады Ол біз үшін

Өзі сүйген Жақыптың мақтаулы елін.

6Құдай Ие халқының шаттық айқайымен

Тұрағына көтерілді, һәм керней үнімен.

7Әндетіңдер, Құдайға ән-жыр шырқаңдар,

Күй тартып та Патшамызды мадақтаңдар!

8Құдай — Патшасы күллі жер бетінің,

Лайым Оған айтыңдар мадақтау жырын!

9Құдай халықтарға билігін орнатты,

Киелі тағына Ол отырып алды.

10Басқа ұлттардың басшылары жиналар,

Ыбырайым сиынған Құдайдың халқына қосылар,

Өйткені Құдайдікі жер бетінің патшалары,

Оның дәрежесі бәрінікінен де жоғары!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help