1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Құрта көрме» әуенімен айтылатын Дәуіттің мінажаты.)
2Уа, билер, шындықты айтасыңдар ма,
Жұртқа әділ үкім шығарасыңдар ма?
3Жоқ, іштей әділетсіздік жоспарлайсыңдар,
Елге билік айтқанда зорлық жасайсыңдар!
4Зұлымдар туғаннан-ақ жолдан адасады,
Құрсақтан-ақ жаңылып, жалған айтады.
5-6Айтқан сөздері зәрлі жыланның уындай,
Олар шебер арбаушының да даусын тыңдамай
Құлағы бітелген улы сұр жыландай.
7Уа, Құдай, олардың тістерін қиратшы,
Ием, арыстандай жақтарын күйретші,
8Ағып кеткен судай олар жоғалсын,
Тартқанда жебелері сынып қалсын,
9Жорғалап жоқ болар ұлудай құрысын,
Тасталған түсіктей күн көзін көрмесін!
10Тікенді бұтақ жанған от үстіндегі
Қазанның тез қайнайтыны секілді,
Құдайдың қаһары сол тірілерді
Құйындай көтеріп алып кетеді.
11Тәңірдің жазалауын әділдер көріп қуанады,
Зұлымның құрып кеткеніне риза болады.
12Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады,
Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!»
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
