Забур жырлары 139 - Киелі кітап(QazBi2010)

Зорлықшыл жаулардан қорғауды сұраған дұға

1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)

2Уа, Жаратқан, зұлым адамнан құтқаршы,

Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,

3Ойларында олар сұм жоспар құрады,

Күн сайын ұрыс-керіс туғызады.

4Өткір тілдері жыландай шағады,

«Сұр жыланның уы» тілдерінен тамады.

5Уа, Жаратқан, зұлымның қолынан сақташы,

Зорлықшыл жандардан мені қорғашы,

Аяғымнан шалып олар құлатпақшы.

6Паңдар маған жасырын тұзақ құрды,

Торларының жіптерін кеңінен жайды,

Олар жүрген жолыма қақпандар құрды.

7«Сен Құдайымсың, — дедім Жаратқанға, —

Уа, Ием, құлақ түрші жалынған даусыма.

8Жаратушы Тәңір Ием, мықты құтқарушымсың,

Шайқас күні басымды дулығадай қорғадың.

9О, Ием, зұлымға қалауын бермеші,

Оның сұм ойларын табысты етпеші,

Дұшпандарға көкіректерін көтертпеші».

10Жауларым мені қоршауға алды жан-жақтан,

Ал зұлымдықтары ауыздарынан шыққан

Өз бастарына түсе берсін әрқашан!

11Көмір шоғындай оларға жаудырылсын,

Отқа не батпақты шұңқырға лақтырылсын,

Енді қайтып солардан шыға алмасын,

12Жалақор адамдар елде орнықпасын,

Зорлықшылдарды апат қуып ұстасын.

13Жаратқан жайлы білемін мына жайтты:

Бейшараның хұқығын Ол сақтайды,

Мұқтаждың мүддесін қолдап-қорғайды,

14Иә, әділдер атыңды мадақтайды,

Адал жандар көз алдыңда жасайды.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help