1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.)
2Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр,
Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
3Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын,
Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын!
4Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,
Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
5Рулар қуана-қуана ән шырқай берсін,
Себебі Сен ұлттарды әділдікпен билейсің,
Жер бетіндегі руларға дұрыс бағыт сілтейсің.
6Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,
Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!
7Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар,
Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар.
8Лайым Құдай бізді жарылқай берсін,
Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
