1Бүкіл Исраил халқы осылай шежірелерінде тіркелді. Сол шежірелері «Исраил патшаларының кітабында» жазылды. Ал кейін Яһуда патшалығының халқы Жаратқан Иеге опасыздық жасағандарының кесірінен Бабыл еліне жер аударылды.Иерусалимге қайтып келіп, қоныстанған халықтың шежіресі
2Бабылдан қайтып келгеннен кейін алғашқы болып өз қалаларында қайта қоныстанып, мұралық жерлерін иемденгендер кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер және ғибадатхана жұмыстарын атқарушы қызметшілер болды.
3Яһуда, Бунямин, Ефрем, Манаса руларының Иерусалимде тұрып жатқандары мыналар еді:
4Утай Амихудтың ұлы, Амридің немересі, Имридің шөбересі, Банидың шөпшегі болатын. Олар Яһуда ұлы Парестің ұрпақтары.
5Яһуда ұлы Шелахтың ұрпақтарынан: тұңғыштық жолы болған Асаях және оның ұлдары.
6Яһуданың немересі Зарахтың ұрпақтарынан: Еуел және оның бауырлары. Яһуда руының Бабылдан қайтып келгендерінің саны — алты жүз тоқсан.
7Бунямин руынан: Саллу Мешуламның ұлы, Ходауияхтың немересі, Сенуаның шөбересі еді. Саллудан басқа:
8Ерохамның ұлы Ибнеях; Ұззидің ұлы, Михридің немересі; Ела, Шафатияхтың ұлы, Рәгуелдің немересі, Ибнияхтың шөбересі Мешулам.
9Шежірелерінде жазылғандай, Бабылдан оралған буняминдіктердің саны: тоғыз жүз елу алты. Осы адамдардың барлығы өз әулеттерінің басшылары болды.
Бабыл елінен қайта оралған діни қызметкерлер10Діни қызметкерлердің Бабыл елінен қайта оралғандары: Едаях, Ехоярип, Яхин,
11Азариях. Азариях Хелкияның ұлы, Мешуламның немересі, Садықтың шөбересі, Мерайоттың шөпшегі, Ахитұбтың неменесі еді. Ахитұб Құдайдың ғибадатханасының басқарушысы болған.
12Адаях Ерохамның ұлы, Пашхурдың немересі, Малқияхтың шөбересі, ал Мағасай Адиелдің ұлы, Яхзераның немересі, Мешуламның шөбересі, Мешілемиттің шөпшегі, Имердің неменесі еді.
13Әулет басшысы болған діни қызметкерлердің саны: мың жеті жүз алпыс болды. Олардың барлығы қолдарынан іс келетін, Құдайдың ғибадатханасында жұмыс атқарған адамдар еді.
Леуі руының Бабылдан қайта оралған басқа адамдары14Леуіліктердің оралғандары: Шемаях Хашубтың ұлы, Азыриқамның немересі, Хашабияхтың шөбересі еді. Олар Мерари тармағына жататын.
15Сондай-ақ, Бақбақар, Хереш, Ғалал, Маттаниях. Маттаниях Миханың ұлы, Зіхридің немересі, Асафтың шөбересі еді.
16Абадиях Шемаяхтың ұлы, Ғалалдың немересі, Едутунның шөбересі еді. Барақиях нетопаттықтардың елді мекендерінде тұрған Елқанахтың немересі, Асаның ұлы еді.
Ғибадатхананың қақпа күзетшілері17Қақпа күзетшілерінен Бабылдан қайта оралғандары: Шаллум, Ақуб, Талмон, Ахиман және олардың ағайындары. Қақпа күзетшілерінің басшысы Шаллум болатын.
18Бұлар ғибадатхананың шығыс жағындағы Патша қақпасында осы күнге дейін қызмет атқарып келеді. Олар, сондай-ақ, леуіліктердің мекендерінің де қақпа күзетшілері.
19Шаллум Қоренің ұлы, Әбиясафтың немересі, Қорахтың шөбересі еді. Шаллум мен оның әулетіне жататын қақпа күзетшілері қайта тұрғызылған киелі үйдің кіреберістерін қарауылдауға міндетті болды. Ежелде олардың ата-бабалары да Жаратқан Иенің (жер бетіндегі) тұрағының кіреберістерін күзеткен болатын.
20Баяғы заманда (діни қызметкер) Елазар ұлы Пінехес қақпа күзетшілерін басқарып, Жаратқан Ие онымен бірге болып жар болған еді.
21Кейінірек Мешелемиях ұлы Зәкәрия кездесу шатырының кіреберісінің күзетшісі болды.
22Жалпы, қақпа күзетшілерінің саны — екі жүз он екі. Олар өздерінің елді мекендерінде шыққан ата-тектері бойынша тіркелді. Дәуіт және Самуил пайғамбар осы қақпа күзету қызметін атқаруға (олардың ата-бабаларын) сенімділіктеріне бола таңдап алған болатын.
23Содан олардың өздері де, кейінгі ұрпақтары да Жаратқан Иенің киелі үйіндегі қақпаларды күзетіп жүрді. Осы киелі үй бұрынғы киелі шатырдың орнын басқан еді.
24Қақпа күзетшілері ғибадатхананың төрт жағында: шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстікте тұратын.
25Олардың елді мекендерінде тұратын руластары кезекпен келіп, жеті күндік қызмет ету мерзімдерін атқарып кетуге тиіс болды.
26Сол басты төрт қақпаның леуілік күзетшілеріне зор аманат тапсырылды. Олар Құдайдың киелі үйіндегі бөлмелер мен қазыналардың үстінен қарайтын.
27Бұларға Құдайдың киелі үйін күзету жүктелгендіктен, олар оның айналасында түнеп шығып, күн сайын таңертең оның қақпаларын ашуға міндетті болды.
Ғибадатханада қызмет ететін басқа леуіліктер28Леуіліктердің кейбіреулері ғибадатханадағы қызметтерде қолданылатын ыдыстар мен құрал-жабдықтар үшін жауапты болды. Сол қызметшілер ыдыстар мен құрал-жабдықтарды әкелініп, әкетілген кездерінде түгендеп санайтын.
29Басқаларына киелі үйдегі жиһаздар мен барлық басқа аспаптарға әрі таңдаулы ұн, шарап, зәйтүн майы, түтетілетін хош иісті заттарға және дәмдеуіштерге күтім жасау жүктелді.
30Ал хош иісті заттар мен иісмайды араластырып дайындаумен діни қызметкерлердің кейбіреулері ғана айналысты.
31Қорахтың ұрпағы Шаллумның тұңғышы Мататиях есімді леуілік табада пісіріліп, тарту ретінде ұсынылатын нанды дайындауды басқарды.
32Қахаттық тармаққа жататын олардың ағайындарының кейбіреулеріне әр демалыс күні ерекше нанды пісіріп, арнайы үстелге ұсынып қою міндеті жүктелді.
33Әнші-күйшілер және леуілік әулет басшылары ғибадатхананың жанындағы бөлмелерде тұратын. Олар қызметтерін кезекпен күні-түні атқаратындықтан, қызметтің басқа түрлерінен босатылды.
34Осылардың барлығы шежірелерінде жазылғандай, леуілік әулеттердің басшылары болды. Бұл жетекшілер Иерусалимде тұратын.
Саул патшаның шежіресі35Гибеонның түп атасы Еиел Гибеон қаласында тұрды. Оның әйелінің аты Маха,
36тұңғыш ұлының аты Абыдон болатын. Еиелдің одан кейінгі ұлдары: Сур, Қиш, Бағал, Нер, Надаб,
37Гедор, Ахио, Зәкәрия,
38Миқлот. Миқлот Шимеяхтың әкесі болды. Бұлар да ағайындарының қасында Иерусалимде тұрды.
39Нердің ұлы Қиш, Қиштың ұлы Саул (патша) еді. Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал.
40Жонатанның ұлы Меріб-Бағал, ал соның ұлы Миха болды.
41Миханың ұлдары: Питон, Мәлік, Тареях, Ахаз.
42Ахаздың ұлы: Жоғадах, Жоғадахтың балалары: Алемет, Азмаует, Зімри, ал Зімридің ұлы Моса еді.
43Мосадан өрбіген ұрпақтар: Мосадан Бинея, одан Рефаях, одан Елеаса, одан Асел.
44Аселдің алты ұлы болды, олардың есімдері: Азыриқам, Бохыру, Ысмағұл, Шеғариях, Абадиях, Ханан. Осылардың барлығы Аселдің ұлдары еді.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.