Тімотеге 2-хат 3 - Киелі кітап(QazBi2010)

Қара ниеттілерден аулақ жүр!

1Есіңде болсын, соңғы дәуірде қиын-қыстау күндер туады.

2Адамдар өзімшіл, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, өсекшіл болып, ата-аналарына бағынбайды. Олар алғысты білмей, қасиеттіні танымай, ешкімді сүймей,

3ымыраға келмейді. Адамдар, сондай-ақ, жалақор, ұстамсыз, қатыгез болып, жақсылықты жек көреді.

4Опасыз сатқын, ақылсыз қызба, кеуде көтерген олар Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көреді.

5Олар сырт көзге Құдайға ұнайтындай болып көрінгенмен, Оның күшінен бас тартады.

Мұндай адамдардан аулақ жүр!

6Олардың кейбіреулері кісілердің үйлеріне қулықпен кіріп, түйсіксіз әйелдерді еліктіріп, құлдыққа түсіреді. Сондайлар күнәға белшесінен батып, түрлі құмарлықтардың жетегінде жүреді.

7Олар әрдайым тәлім алуға ұмтылғанмен, ешқашан шындықты білуге қол жеткізбейді.

8Янни мен Ямбыридың Мұса пайғамбарға қарсы күрескені сияқты, мұндай азғырушылар да шынайы ілімге қарсы шығады. Бұлардың ақылдары бүлінген, сенімдері түкке тұрғысыз, жалған.

9Бірақ та олар алысқа бара алмайды, өйткені олардың ақылсыздығы бәріне айқын болады. Кезінде Янни және Ямбыримен де солай болған.

Көз жеткізген шынайы ілімді уағыздай бер!

10Ал сен маған еріп, менің ілімімді, жүріс-тұрысым мен өмірлік мақсатымды үлгі тұтып келесің. Сенімім, төзімділігім және сүйіспеншілігімді,

11әрі қуғындалып, азап шеккен кездерімде көрсеткен табандылығымды өз көзіңмен көрдің. Антақия, Қония және Лүстрада маған қандай жағдайлардың болғанының бәрін, сол қалаларда қандай қудалауды басымнан кешкенімді білесің. Ал Иеміз мені солардың бәрінен де құтқарды.

12Мәсіх Исамен жүріп, Құдайға ұнамды өмір сүргісі келетіндердің бәрі де қуғындалатын болады.

13Қараниеттілер мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасап, өздері де алданып, өзгелерді де алдай бермек.

14Ал сен үйреніп, берік сенгендеріңе адал болып қала бер! Өйткені өзіңнің кімдерден тәлім алғаныңды білесің.

15Сонымен бірге балалық шағыңнан-ақ Киелі жазбалармен таныссың. Олар сені парасатты етіп, Мәсіх Исаға деген сенімің арқылы құтқарылуға бастап әкеледі.

16Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған. Олар тәлім беру, әшкерелеу, түзету әрі әділдікке тәрбиелеу үшін тиімді.

17Осылай Құдайдың адамы барша игі іске дайындалып, толықтай даяр болмақ.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help