1Шуахтық Билдад Әйүпке қарсылық білдіріп былай деді:
2— Құдайда билік бар, барша жұрт Оны терең қастерлеуі керек. Ол көктің биігінде тәртіп орнатады.
3Оның көктегі періштелер топтарын кім санай алар еді? Ол өз жарығын кімнің үстіне түсірмейді?
4Сонда адам баласы Құдайдың алдында қалайша әділ бола алады? Әйелден туған пенде қалайша таза бола алар еді?
5Тіпті ай да Оның алдында жеткілікті жарық емес, жұлдыздар да айқын емес!
6Салыстырсақ, пенде жай жер құртына ұқсайды, адам баласы тек күйе құрты сияқты.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
