1(Дәуіттің жыры.)
Жер жүзі мен ондағының бәрі Жаратқандікі,
Бұл дүние мен онда тұрғандар түгел Онікі,
2Жердің негізін Ол теңіздің түбіне орнатты,
Ағындардың үстінен берік етіп нығайтты.
3Жаратқанның тауына кімнің шығуына болады,
Оның киелі орнында кімнің тұруына болады?
4Бұл тек қолы мен жүрегі таза жанға болады,
Жат тәңірге табынбай, жалған айтпайтынға болады.
5Осындай жанды Жаратқан Ие жарылқайды,
Құтқарушы Құдай оны рақыммен ақтайды.
6Уа, Құдай, тек бұлар Сенің алдыңа барады,
Жақып сиынған Құдай, олар Саған бет бұрады.
7Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар,
Кіре алсын даңққа бөленген Патша!
8Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие,
Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие!
9Ей, көне қақпалар, айқара ашылыңдар,
Ежелгі есіктер, кеңінен ашылыңдар!
10Кім екен осы даңққа бөленген Патша?
Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
