1(Дәуіттің насихат мінажаты.)
Уа, Құдайым, сақтай гөр Өзің мені,
Баспана етемін жалғыз Сені!
2Жаратқанға былай деймін: «Сен Иемсің,
Сенен бөлек жоқ ешбір игілігім!»
3Ұлы жандар — Саған бағышталғандар,
Маған өте ұнайды елде олар.
4Ал бөтен тәңірлердің жолын қуғандар:
Қасіретке молынан ұшырамақ олар.
Тәңірсымақтарға құрбандық шалмаймын,
Олардың аттарын аузыма еш алмаймын.
5Уа, Ием, маған жар болып келесің,
Жарылқап мені амандық бересің,
Тағдырым қауіпсіз қолыңда Сенің.
6Тамаша — маған тиген үлесім,
Қатты ұнайды ғажайып мұрам.
7Даңқтаймын ақыл-кеңес берген Иемді,
Ұжданым түнде де мені ескертеді.
8Ықылас-ниетім әрдайым Иемде,
Оң жағымда Ол маған жар боп келеді:
Жағдайым шайқалмайды ешбір кезде.
9Содан жүрегім шаттыққа толады,
Мәз-мейрам болып тілімнен бал тамады,
Саған сенгенімнен тәнім тыншиды.
10Сен жанымды о дүниеге қимайсың,
Қасиетті адамыңның тәнін шірітпейсің.
11Шын өмір жолын маған көрсетесің,
Көз алдыңда қуанышқа бөлейсің,
Оң жағыңда мәңгі игілік бересің.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
