Зәкәрия 5 - Киелі кітап(QazBi2010)

Алтыншы көрініс: ұшып келе жатқан шиыршық кітап

1Мұнан кейін жоғары қарасам, бір шиыршық кітап ұшып бара жатыр екен.

2Періште менен:

— Не көріп тұрсың? — деп сұрады.

— Ұшып бара жатқан бір шиыршық кітапты көріп тұрмын. Оның ұзындығы жиырма шынтақ, ені он шынтақ, — деп жауап бердім.

3Сонда ол маған түсіндіріп былай деді:

— Осы кітапта жазылғаны — бүкіл жер бетіне таралып жатқан қарғыс. Қағаздың бір бетінде әрбір ұры, екінші бетінде әрбір өтірік ант етуші елден міндетті түрде аластатылады деген сөз жазылған.

4Әлемнің Иесі былай дейді:

— Мен осы қарғысты ұрылардың және Менің атымды атап өтірік ант етушілердің үйлеріне жіберемін. Ол солардың үйлерінің ішіне қонып, үйдің тастары мен бөренелерін тып-типыл қылып құртады.

Жетінші көрініс: үлкен ыдыс ішіндегі әйел

5Содан кейін менімен сөйлескен періште ілгері қарай шығып, былай деді:

— Басыңды көтеріп жоғары қара! Не жақындап келе жатыр? —

6Мен:

— Бұл не? — деп сұрадым. Періште маған түсіндіріп:

— Бұл — үлкен өлшеуіш ыдыс — деді. Ол сөзін жалғастырып: — Ыдыс бүкіл елдің тұрғындарының жасаған қылмыстарының бейнесі, — деп қосты.

7Сонда ыдыстың қорғасын қақпағын ашып, қарасақ, ішінде бір әйел отыр екен!

8Періште:

— Бұл — заңсыздықтың бейнесі, — деді де, әйелді ыдыстың ішіне итеріп жіберіп, қорғасын қақпағын тығыздап жауып қойды.

9Осыдан кейін тағы да қарасам, екі әйел қалықтап ұшып келе жатыр екен. Олардың аққұтанның қанаттарындай қанаттарынан жел есіп тұрды. Олар ыдысты аспан мен жердің арасына, әуеге көтеріп алып кетті.

10Мен өзіммен сөйлескен періштеден:

— Олар ыдысты қайда алып кетті? — деп сұрадым.

11Ол маған:

— Олар оны Бабыл еліндегі Шинар жазығына әкетті. Сол жерде оған ғибадатхана салып береді. Ол салынып, дайын болған кезде ыдысты сондағы арнаулы тұғырына қояды, — деп жауап берді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help