Салониқал. 1-хат 4 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдайға лайықты өмір сүру

1Тағы да, қымбатты бауырластар, Құдайға ұнау үшін қалай өмір сүру керек екенін бізден үйрендіңдер, солай өмір сүріп келе жатырсыңдар да. Осы жолмен алға баса беріңдер деп Иеміз Исаның атынан ескертіп, өтінеміз.

2Сендерге Иеміз Исаның еркімен қандай нұсқаулар бергенімізді білесіңдер.

3Құдай сендердің Өзіне бағышталып қасиетті өмір сүргендеріңді қалайды. Бұл азғындықтан аулақ жүрулеріңді де білдіреді:

4әркім өз денесін қасиеттілікпен әрі құрметпен күте білсін!

5Құдайды танымайтын ұлттарға ұқсап күнәлі құмарлықтарға салынбаңдар,

6ешқайсың да заңды аттап, пайдакүнемдікпен бауырластарыңды алдап кетпеңдер! Сендерге бұрынырақ ескерткеніміздей, Иеміз мұндай күнәлардың бәрінің жазасын береді!

7Құдай бізді азғын емес, Оған бағышталған қасиетті өмір сүруге шақырды.

8Бұған бағынбайтын кісі адамға емес, Құдайға қарсы тұрады. Ол сендерге Өзінің Киелі Рухын берді ғой.

9Бауырластарға деген сүйіспеншілік туралы мен жазбай-ақ қояйын, бір-біріңді сүюді Құдайдың Өзі үйретті ғой.

10Оны бүкіл Македониядағы бауырластарыңа іс жүзінде көрсетіп жүрсіңдер. Бұдан былай да осы жөнінде алға баса берулеріңді тілейміз.

11Бірқалыпты өмір сүруді құрметті іс деп біліңдер. Біз сендерге нұсқау бергендей, міндеттеріңді атқарып, өз қолдарыңмен еңбек етіп күндеріңді көріңдер.

12Сөйтіп қауымнан тыс адамдардың алдында әдепті жүріп, еш нәрседен мұқтаж болмаңдар.Иеміздің қайтып келіп, өлгендерді қайта тірілтуі

13Қымбатты бауырластар, үміті үзілген басқалар сияқты қайғырмауларың үшін сендерді бұ дүниеден қайтқан сенушілердің жағдайы туралы хабарсыз қалдырмаймыз.

14Исаның өліп, қайта тірілгендігіне кәміл сенеміз ғой. Сондықтан Оған сеніп бұ дүниеден кеткендердің Исамен бірге болулары үшін Құдайдың оларды қайта тірілтетініне де сенейік.

15Себебі бұны Иеміздің өз сөзіне сүйеніп айтамыз: Иеміз Иса көктен қайтып келген кезде әлі тірі жүретін біздің өліп қалған бауырластарымыздан ешқандай артықшылығымыз болмайды.

16Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі.

17Тірі жүрген біз мұнан соң солармен бірге Иемізбен кездесу үшін бұлттың үстімен көкке көтерілеміз. Содан мәңгі бақи Иемізбен бірге боламыз.

18Бір-біріңді осы сөзбен жұбатыңдар!

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help