1(Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.)
2Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!
Көктен биік мерейіңді өсірдің.
3Балалардың, кішкене бөбектердің
Аузымен Өзіңді дәріптетесің.
Дұшпандарыңа бола солай істейсің,
Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
4Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа,
Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға
Назар аударған әрбір уақытымда
Мынадай сұрақтар туады ойымда:
5Өзің ескеретіндей адам сонша кім,
Сен қамқорлайтындай адам баласы кім?
6Оны көктегілерден сәл төмен қойдың,
Құрмет, салтанатты оған тәждей сыйладың.
7Сен адам баласын билеуші еттің
Қолыңнан шыққан бар жаратылысқа.
Бәрін де оған бағындырып бердің:
8Бүкіл ірілі-ұсақты малдарды да,
Даладағы жабайы аңдарды да,
9Самсаған құс пен судағы балықты,
Теңіз ағыстарымен жүзгендерді
Табыстадың Сен оның қол астына.
10Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің,
Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің
Сондай айбынды да даңқты есімің!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
