Нақыл сөздер 17 - Киелі кітап(QazBi2010)

1Жанжалды үйдің мол етінен гөрі

Татулықпен жеген қатқан нан игі.

2Арсыз ұлды ұғымпаз құлы билер,

Ағайындарымен бірге мұрасын бөлісер.

3Алтынды отта балқытып, күмісті көрікте сынар,

Адам жүрегін Жаратқанның Өзі тексеріп сынар.

4Зұлымдық істеуші залым тілге құлақ асар,

Өтірік айтушы сұмдық тілге ден қояр.

5Кедейді тілдеген Жаратушысын қорлайды,

Сәтсіздікке қуанған жазасыз қалмайды.

6Қарттардың тәжі — немере-шөберелері,

Балалардың мақтанышы — әке-шешелері.

Ақылды жан даналықты назарда ұстар

7Өрелі сөз ақымаққа еш жараспас,

Өтірік сөз мырзаға одан бетер жараспас.

8Сый-тарту беруші оны сиқырлы тастай көрер,

Қайда барса да, ол табысқа қол жеткізер.

9Қатені кешіретін достығын нығайтар,

Ал оны айта беретін досынан айырылар.

10Ақылсызға берген жүз дүреден гөрі

Ақылдыға берген бір сөгіс әсерлі.

11Зұлым жан тек бүлікті көздер,

Оған қарсы қатал өкіл жіберілер.

12Наданның ақымақтығына тап болғаннан гөрі

Қонжығынан айырылған аюға тап болған игі.

13Жақсылыққа жамандық қайтарған —

Өз үйіне үздіксіз пәле шақырған.

14Басталған ұрыс тасқын суға ұқсас,

Жанжал қызбай тұрып, дауды бас.

15Ақтау кінәліні, айыптау кінәсізді —

Екеуі де Жаратқан Иеге жиренішті.

16Даналықты меңгеруге құлшынысы болмаса,

Наданның қолындағы ақшадан не пайда?

17Шынайы дос әрдайым жақсы көрер,

Қиыншылықта бауырыңдай көмектесер.

18Ұғымсыз жан қол алысар,

Басқаның қарызына кепіл болар.

19Жанжалды сүйген күнәні ұнатқан,

Кеудесін тым көтерген пәле шақырған.

20Қастық ойлаған жақсылық таппайды,

Жалған сөйлеген пәлеге ұшырайды.

21Надан ұл өзін туғанға сор,

Ақымақтың әкесі қуаныштан құр.

22Көтеріңкі көңіл шипа болар,

Жабырқаңқы көңіл тәнді қуартар.

23Арамза жасырын пара алар,

Әділет жолын бұрмақ болар.

24Ақылды жан даналықты назарында ұстар,

Ақымақтың көзі жер түбін шарлар.

25Надан ұл әкесін қапаландырар,

Туған анасын ашындырар.

26Әділ жанды жазалау игі болмас,

Адал жүрген мырза жанды дүрелеу жараспас.Тілде өмір мен өлімнің билігі бар

27Есті адам байыппен сөйлер,

Ұғымды жан байсалды жүрер.

28Үндемесе тіпті наданды саналы дер,

Аузына ие болса, ол дана болып көрінер.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help