Забур жырлары 49 - Киелі кітап(QazBi2010)

Құдай Тағалаға ұнамды ғибадат

1(Асафтың жыры.)

Құдіреті шексіз Құдай — Жаратқан

Үн қатып, батысқа дейін күншығыстан

Әлемдегі адамзатты шақырған.

2Мүлтіксіз көрікті Сион тауынан

Құдайдың салтанаты көрініс тапқан.

3Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды,

Оның алдынан от жалындап жалмайды,

Алапат дауыл айналасында соғады.

4Құдай көк пен жерді куәлікке шақырады,

Өзі таңдаған халқын соттауға барады:

5«Қасыма жинаңдар Менің сенімді халқымды,

Құрбандық шалып Өзіммен Келісім жасағандарды!»

6Көк сонда Оның әділдігін паш етеді,

Себебі соттайтын — Құдайдың Өзі.

7«Тыңда Мені, Исраил халқым, былай деймін:

Саған қарсы куәлік келтіремін,

Мен Құдаймын, иә, сенің Құдайыңмын!

8Шалған малдарың үшін шағым айтпаймын,

Өртеп ұсынған құрбандықтарыңа қараймын.

9Ал қаламаймын бұқаларды қораларыңнан

Яки текелерді шарбақтарыңнан,

10Өйткені орманның әр аңы Менікі,

Әрі малдар да мыңдаған төбедегі,

11Барлық құсты білемін таулардағы,

Хайуандар да Менікі даладағы.

12«Ашықсам» Мен саған айтпас та едім,

Бар әлем мен ондағылар — өз меншігім.

13Шалынған бұқаның етін жеймін бе,

Не текелердің қанын ішемін бе?

14Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,

Берген сертіңді орында Алла Тағалаға.

15Қиындық көргеніңде шақыр Мені,

Сонда құтқарып аламын сені,

Ал өзің мадақтайтын боласың Мені».

16Бірақ Құдай былай дейді арамзаға:

«Қандай қақың бар жарлықтарымды айтуға

Және Келісімімді аузыңа алуға?

17Алайда сен ескертуімді жек көресің,

Айтқан сөздерімді менсінбей жүресің.

18Ұрыны көрсең оған қосыласың,

Нәпсіқұмарлармен де араласасың.

19Сенің аузыңнан жамандық шығады,

Тілің өтірікті торлап тұрады.

20Отырып алып бауырыңды ғайбаттайсың,

Өз анаңның ұлын нақақ жамандайсың.

21Сен солай істегенде Мен үндемедім,

Сонда Мені өзіңдей есептедің.

Ал қазір Мен сені сақтандырамын,

Күнәларыңды көз алдыңа қоямын».

22«Құдайын ұмытқандар, ұғыңдар бұл жайды:

Жазалап, паршаласам, ешкім құтқармайды.

23Мені мақтайтын жан құрмет көрсетеді Маған,

Сақтанып жүргенге құтқаруымды ашам».

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help