Забур жырлары 125 - Киелі кітап(QazBi2010)

Уа, Жаратқан, қайтадан жарылқай гөр!

1(Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.)

Жаратқан Ие тұтқындарды Сионға

Қайтарып алып келген уақытында

Ұқсадық түс көріп жатқан адамға,

2Езуіміз жиылмады күлкіден,

Аузымыздан үзілмеді шаттық ән.

Басқа ұлт адамдары өзара былай десті:

«Бұларға Жаратқан жасады керемет істі!»

3Жаратқан бізге керемет жасады шынында,

Сондықтан да біз кенелдік зор қуанышқа!

4Шөлдегі кеуіп қалған өзендерді

Лезде-ақ суға толтыратының секілді,

Уа, Жаратқан Ие, игіліктерімізді

Біздерге қайтадан сыйлай гөр енді.

5Көз жасын төгіп жүріп еккендер егінін

Қуана әндетіп жинамақ өнімін:

6Олар еңіреп жүріп тұқымдарын

Сеуіп тастайды егістік жерлеріне,

Кейін құшақтап алып астық бауларын

Қуана қайтады мекендеріне.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help