1Жаратқан Иені мадақтаңдар!
Иеміздің өсиеттерінен ләззат тапқан,
Оны қастерлейтін жан жарылқанған.
2Әулеті оның елде күшті болады,
Иә, әділдің ұрпақтары жарылқанады,
3Оның үйінде байлық-дәулет жиналады,
Әрі әділдігі мәңгі есте қалады.
4Турашыл жанға түнекте таң атады,
Ол рақымды, мейірбан, әділ болады,
5Мұқтажға қайырыммен қарыз береді,
Әрі істерін әділдікпен жүргізеді,
Содан оның өзі де жақсылық көреді.
6Шүбә жоқ, ол ешқашан шайқалмайды,
Әділ жан жұрттың есінен шықпайды.
7Сондай адам қауесеттен қорықпайды,
Жаратқанға сеніп жүрегі қобалжымайды,
8Қайта, жүрегі нық, үрейленбейді,
Соңында жаулардың жеңілісін көреді.
9Ол мұқтаждарға мол көмек таратады,
Оның әділдігі мәңгіге ұласады,
Абыройы да жоғарылайтын болады.
10Ал зұлым жан мұны көріп, абыржиды,
Тісін қайрап, қалжырап қажиды,
Зұлымдардың аңсағаны құриды.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
