Әйүп 26 - Киелі кітап(QazBi2010)

Әйүптің Билдадқа берген жауабы

1Сонда Әйүп былай деп жауап қайырды:

2— Күші жоққа қалай көмектескенсің сен, шіркін! Қолы әлсізденіп қалған жанға қалай демеу болғансың десеңші!

3Дым ақылым жоқ еді, керемет ақыл үйреттің! Орасан зор данышпандығыңды көрсеттің.

4Мұндай дана сөздерді кімнің қолдауымен айттың екен? Аузыңнан кімнің даналығы шықты екен?

5Су астындағы о дүниені мекендейтін аруақтар Құдайдың алдында дірілдейді.

6Ол үшін о дүние жалаңаш, тозақтың өзі ашық жатыр.

7Құдай аспанның солтүстік бөлігін бос кеңістіктің үстінен жайып жіберді. Ол жерді бір нәрсеге іліп қоймаса да, жер құлап түспей орнында тұра береді.

8Тәңір суды бұлттарға жинайды, ал бұлттар судың салмағынан жарылып кетпейді.

9Құдай толық айды жауып, үстіне Өзінің бұлтын жайып қояды.

10Жарық пен түнектің арасын бөліп тұру үшін су бетінде шеңбердей көкжиекті сызып қойды.

11Құдай зекіген кезде «аспанның тіреулері» сілкініп, абыржып қалады.

12Тәңір өз құдіретімен теңізді тыныштандырды, әрі өз парасатымен теңіздегі алып хайуанды құртты.

13Өз Рухымен Құдай аспанның ажарын келтіріп, өз қолымен ирелеңдеген алып жыланды түйреді.

14Ал бұлар Құдайдың істерінің жай бір бөлігі ғана, Оның Өзі туралы естігеніміз тым аз! Егер Оның құдіреті туралы дүркіретіп жарияланса да, оны кім түсіне алар еді?

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help