Шежірелер 1-ж. 1 - Киелі кітап(QazBi2010)

Адам атадан Нұх пайғамбардың ұлдарына дейінгі ұрпақтар

1Адам (ата), Сет, Енос,

2Қайнан, Мақалалел, Иәрет,

3Енох, Мәтусал, Ләмех, Нұх.

4Нұхтың ұлдары: Шам, Хам, Япші.Япшінің үрім-бұтағы

5Япшіден Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас тарады.

6Гомерден Ашкеназ, Рифат, Тоғарма тарады.

7Яуанның ұлдары: Елиша, Тарсис, Кіттим, Доданим тарады.

Хамның үрім-бұтағы

8Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр, Пұт, Қанахан.

9Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба, Дедан.

10Құштан Нымрод та тарады. Ол жер бетіндегі күшті әміршіге айналды.

11Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух,

12патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.

13Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханнан хеттік,

14ебустік, аморлық, гергестік,

15хевтік, арқалық, синдік,

16аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да тарады.

Шамның үрім-бұтағы

17Шамнан Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама тарады.

Арамадан Ус, Хұл, Гетер, Мешех,

18Арпақсаттан Шелах, ал Шелахтан Ебер тарады.

19Еберден екі ұл туды. Тұңғышының есімі Пелек («Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді.

20Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах,

21Хадорам, Узал, Диқла,

22Обал, Әбімаил, Сәба,

23Опыр, Хауила және Жобаб тарады. Бұлардың бәрі Жоқтанның ұрпақтары.

24(Мынау Ыбырайым пайғамбардың ата-тегі:) Шам, Арпақсат, Шелах,

25Ебер, Пелек, Рәгу,

26Серук, Нахор, Тарах,

27Ыбырам. Ол кейін Ыбырайым деп аталды.Ыбырайымның үрім-бұтағы

28Ыбырайымның ұлдары: Ысқақ, Ысмағұл.

29(Ажардан туған) Ысмағұлдың үрім-бұтағының тарихы мынау: тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам,

30Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема,

31Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлардың бәрі Ысмағұлдан тарады.

32Ыбырайымның кәнизагы Кетурадан көрген ұлдары: Зимран, Жоқшан, Медан, Мадиян, Ишбақ, Шуах. Жоқшанның ұлдары: Сәба, Дедан.

33Мадиянның ұлдары: Ефа, Ефер, Ханох, Абида, Елдаға. Бұлардың барлығы да Ыбырайымның Кетурадан көрген ұрпақтары болатын.

34Ыбырайымның Сарадан көрген ұлы — Ысқақ. Ысқақтың ұлдары: Есау, Исраил (Жақып).

Есаудың (Едомның) үрім-бұтағы

35Есаудың (Едомның) ұлдары: Елипаз, Рәгуел, Егуш, Яғлом, Қорах.

36Елипаздың ұлдары: Теман, Омар, Сефо, Ғатам, Кеназ. Елипаз Тимнадан Амалек есімді ұл көрді.

37Рәгуелдің ұлдары: Нахат, Зарах, Шаммах, Миза.

Едом еліндегі Сейір халқы

38Сейірдің ұлдары: Лотан, Шобал, Сибеон, Анах, Дишон, Езер, Дишан.

39Лотанның ұлдары: Хори, Хемам. Тимна Лотанның қарындасы болатын.

40Шобалдың ұлдары: Албан, Манахат, Ебал, Шебо, Онам. Сибеонның ұлдары: Аях, Анах.

41Анахтың ұлы: Дишон. Дишонның ұлдары: Хемдан, Ешбан, Итран, Керан.

42Езердің ұлдары: Билхан, Зағауан, Яқан. Дишанның ұлдары: Ус, Аран.

Едом еліндегі ежелгі билеушілер

43Исраил халқын билейтін патша шықпай тұрғанда Едом елінде билік құрған патшалардың аты-жөндері мыналар: Беғор ұлы Бела, оның тұрған қаласының аты Дінхаба еді.

44Бела қайтыс болды, оның орнына Босорадағы Зарах ұлы Жобаб патшалық құрды.

45Жобаб қайтыс болды, оның орнына темандықтардың елінен келген Хушам патшалық құрды.

46Хушам қайтыс болды, оның орнына Бедад ұлы Хадад патшалық құрды. Ол мадияндықтарды Моаб жерінде жеңіп шықты. Хададтың тұрған қаласының аты Ауит болатын.

47Хадад қайтыс болды, оның орнына Масректен келген Самла патшалық құрды.

48Самла қайтыс болды, оның орнына Евфрат өзенінің бойында орналасқан Рехоботтан келген Саул патшалық құрды.

49Саул қайтыс болды, оның орнына Ахбор ұлы Бағал-Ханан патшалық құрды.

50Бағал-Ханан қайтыс болды, оның орнына Хадад патшалық құрды. Оның тұрған қаласының аты Пау еді. Әйелі Мехетабелдің шешесі Матред, ал нағашы әжесі Месахаб болатын.

51Кейін Хадад та қайтыс болды.

Едомның рубасылары: Тимна, Алуа, Етет,

52Охолибама, Ела, Пинон,

53Кеназ, Теман, Мипсар,

54Магдиел, Ирам. Едом халқының рубасылары осылар еді.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help