Забур жырлары 92 - Киелі кітап(QazBi2010)

Ұлы Патшаның мәңгілік билігі

1Жаратқан Ие — Патша, Ол билік жүргізуде,

Ұлылыққа бөленіп, кенелген құдіретке.

Орнынан қозғалмастай берік орнатылған әлем,

2Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,

Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен.

3О, Жаратқан Ие, өзендер тасып күркірейді,

Теңіз де толқындарын тұрғызып дүркірейді,

4Бірақ мол сулардың қатты шуылынан гөрі,

Теңіз жағасына соққан толқындардан гөрі

Көктегі Жаратқан Иенің құдіреті күшті!

5Уа, Ием, ережелерің шынымен сенімді,

Сенің үйің мәңгілік киелі де қасиетті.

Blog
About Us
Message
Site Map

Who We AreWhat We EelieveWhat We Do

Terms of UsePrivacy Notice

2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.

Home
Gospel
Question
Blog
Help