1Мадақтаңдар Құдайды киелі үйінде,
Мадақтаңдар Құдіреттіні көкте де!
2Мадақтаңдар Оны керемет істері үшін,
Мадақтаңдар Оны зор ұлылығы үшін!
3Мадақтаңдар Оны үніменен кернейдің,
Мадақтаңдар Оны жетігенмен, домбырамен!
4Мадақтаңдар Оны даңғырамен, билеріңмен,
Мадақтаңдар Оны қобызбен, сыбызғымен!
5Мадақтаңдар Оны сылдырмақтың сыңғырымен,
Мадақтаңдар Оны дауылпаздың даңғырымен!
6Жаны барлар түгелдей мадақтасын Иемізді!
Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
