1Ізгі атағың бағалы зор байлықтан,
Жақсы абыройың құнды күміс-алтыннан.
2Бай мен жарлының ортақ қасиеті:
Екеуін де жаратты Тәңір — Құдай Иелері.
3Зерделі жан қатер көріп бас сауғалар,
Аңғал адам жүре беріп, зиян табар.
4Жаратқанды терең қастерлейтін кішіпейілдер
Байлық, абырой, шынайы өмірге кенелер.
5Зымиянның жолы тікен мен торға толған,
Өзіне сақ болған аулақ жүрсін содан.
6Баланы жастан салсаң тура жолға,
Есейгенде ол содан таймайды да.
7Бай адам жарлыға үстемдік құрар,
Қарыздар қарыз бергеннің құлы болар.
8Әділетсіздік сепкен пәлені орар,
Оның қаһарының сойылы сынып қалар.
9Жомарт жан жарлымен нанын бөлісер,
Құдайдың жарылқауына кейін кенелер.
10Қорлаушыны қусаң, жанжалдан арыларсың,
Ұрыс-керіс, балағаттан ада боларсың.
11Жүрек пәктігін жақтыратын,
Ұнамды сөздерді айтатын
Жанға патша да болар жақын.
12Жаратқан Ие білімге қырағы болар,
Опасыздардың істерін Ол құлдыратар.
13«Далада арыстан бар, алаңда көзімді құртар»
Деп жалқау ұдайы сылтау айтар.
14Азғын әйелдің сөздері — терең шыңырау,
Тәңір Ие жақтырмаған пенде соған құлар-ау.
15Баланың жүрегінде надандық бар,
Тиянақты тәрбие оны содан арылтар.
16Баюы үшін кедейге жәбір көрсететін
Әрі байға сыйлықтар бере беретін
Адам болады кедейленетін.
Отыз таңдаулы нақыл сөз17Даналардың айтқандарын құлақ түріп тыңда,
Бермек тәліміме зейініңді бағышта!
18Игі болар оларды есіңде сақтасаң,
Әрі аузыңнан да ешбір тастамасаң.
19Сенімің болсын деп Жаратқан Иемізде,
Осыны бүгін үйретемін дәл өзіңе.
20Саған ақыл-кеңес пен білім беру үшін
Мына отыз нақылды жазған едім,
21Ақиқат, адал сөздер үйренуің үшін,
Өзіңді жібергенге дәл жауап беруің үшін:
122Жарлыны жарлы деп тонама,
Бейшараны дау сотында қыстама!
23Солардың мүдделерін Жаратқан Ие қорғайды,
Оларды тонағандардың өздерін тонайды.2
24Ызақормен дос болма,
Ашушаңмен байланыспа.
25Әйтпесе өзің соған еліктейсің,
Тұзаққа түсіп, күйреп кетесің.
326Қол алысып, бөтеннің қарызына
Кепіл болатындай ақылсыз болма!
27Болмағанда төлейтін ақшаң
Төсегіңді тартып алар астыңнан.
428Ата-бабаң салып кеткен межеңді
Жасырын жылжытып, ұлғайтпа жеріңді.
529Кездестірсең біреуді ісіне аса шебер,
Жай адамдарға емес, патшаларға қызмет етер.
Who We AreWhat We EelieveWhat We Do
2025 by iamachristian.org,Inc All rights reserved.
